Ярослава Шведова Таиландтағы жарыстың жартылай финалына өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан өкілі Ярослава Шведова Таиландтағы Хуахин қаласында өтіп жатқан WTA Challenger «Hua Hin Championships» халықаралық турнирдің жартылай финалына өтті.

Бұл бәсекенің жүлде қоры 115 мың долларды құрайды, деп хабарланды Қазақстан теннис федерациясының сайтында.

Жарыстың ширек финалында Ярослава Шведова қытайлық спортшы Юнг-Юнг Дуанды 6:2, 6:4 есебімен ұтты.

Жартылай финалда Шведова Қытай өкілі Кианг Вангпен кездесетін болады.

Соңғы жаңалықтар