Ярослава Шведова: Олимпиадаға қатысып, ел намысын қорғау – зор мәртебе

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова Токио Олимпиадасы қарсаңында өз ой-толғамымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, бұл Я.Шведованың спорттық жолындағы үшінші Олимпиадасы болмақ.

Ярослава Шведова Олимпиадаға қатысып, ел намысын қорғау зор мәртебе екендігін, қазіргі кезде оған қызу дайындалып жатқанын жеткізді.

«Олимпиаданы «Үлкен дулыға» турнирлерімен салыстыруға болмайды. Өйткені бұл дүниежүзілік дода төрт жылда бір рет өтеді. Оған іріктеуден өтудің өзі қиын. «Үлкен дулыға» жарыстарында әр спортшы өзі үшін, ал Олимпиадада елі үшін сынға түседі. Сондықтан жауапкершілік ауқымы да үлкен. Халық үшін, Қазақстан олимпиадалық құрамасы үшін жарыс алаңына шығу оңай емес. Міне, осы елдік намыс бізді алға жетелейді, жүлде үшін күресуге ынталандырады.

Қазақстан туы астында додаға түскен сайын ерекше сезімге бөленесің, тек жеңу ғана ойыңда тұрады», деді Я.Шведова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Токиода табысты өнер көрсетуге барын салатынын, қазақстандық теннисшінің Германиядағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар