+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Яо Пэйшэн: «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі - Назарбаевтың стратегиялық ойлау қабілетінің көрінісі

2016 жылғы 22 қазан 13:50
Бөлісіңіз:
Яо Пэйшэн: «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі - Назарбаевтың стратегиялық ойлау қабілетінің көрінісі

БЕЙЖІҢ-АСТАНА. ҚазАқпарат - «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі Қазақстанның жауапкершілік үні әрі ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық ойлау қабілетінің көрінісі саналады. Мұндай пікірді Қытай халықаралық зерттеулер қорының ғылыми қызметкері, ҚХР Сыртқы істер министрлігі жанындағы Азия-Африка даму және алмасу кеңесінің мүшесі, Қырғызстандағы, Латвиядағы, Қазақстан мен Украинадағы бұрынғы Қытай елшісі Яо Пэйшэн білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі Садық Әкежанов.

«Біріншіден, бұл жауапкершілікті елдің үні. Нұрсұлтан Назарбаев әлемде орын алып жатқан оқиғаларды тек бақылап қана қоймай, сонымен бірге оның салдарына да барынша алаңдаушылық танытады. Президент жер бетіндегі қауіпті тенденциялардың фактілерін тізбелей келе соғыс вирусы халықаралық жағдайды ушықтыра түскендігін де көрсетіп берді.

Екіншіден, манифест Қазақстан Көшбасшысының стратегиялық ойлау қабілетінің жоғары деңгейде екендігін көрсетеді. Біз Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы ойлау қабілеті зор деп білеміз. Мен осы жерде шын шиеттімен сіздердің елдеріңіздің басшысының ерен еңбегін айрықша атап өткім келеді», - деді ол елордада «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі және қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлері» деген тақырыпта өткен саясаттанушылардың халықаралық конгресі барысында.

Қытайлық диломат осыдан шамамен 25 жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаевтың Азияда ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру туралы бастама көтергендігін еске салып өтті.

«Тәуелсіздіктің елең-алаңы кезеңінде Қазақстанның өз ішіндегі жағдай да өте күрделі болатын. Бірақ, Қазақстан ішкі өткір проблемаларды еңсере отырып, осындай жаһандық маңызы бар үлкен бастама көтере алды. Екі мақсатқа бір мезетте қол жеткізу мүмкін емес деген пікірлер де болды. Алайда, 10 жыл өткен соң Алматыда АӨСШК-нің бірінші саммиті өтті. Өзге біреу емес тәуелсіз Қазақстанның көшбасшысы, Азияның беделді басшыларының кездесуін ұйымдастыра алды. Мен сол кездесудің куәсі болған едім. Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан келді. Оны өз көзіммен көрдім. Бүгінде бұл ұйымға 26 мемлекет мүше», - деді ол.

Яо Пэйшэн Қазақстанның ядролық қаруды таратпау ісіне қосқан зор үлесіне де кеңінен тоқталып өтті. «Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартып қана қоймай ядролық қаруды шектеу және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қозғалысының алғашқы мемлекетіне айналды. Тәуелсіздік алған тұста Қазақ елі өзін ядролық қарудан азат ел ретінде жариялап, қуаты жағынан әлем бойынша 4-ші орында болған арсеналдан өз еркімен бас тартты», - деп атап өтті қытай дипломаты.

Оның айтуынша, Назарбаев «Әлем ХХІ ғасыр» манифесінде ұсынған үш негізгі принципті және әлемдік қоғамдастық іс-қимылының тұтастық алгоритмдерінің 4 бағытын әлемге кеңінен таратып, зерделеу қажет.

«Өйткені, бағдарлама барша адамзат баласының тағдырына тікелей қатысты. Президент Н.Назарбаев дипломатия майданында зор ерлік жасады әрі жасап та келе жатыр деп мойындауға толық негіз бар. Соның арқасында Қазақстан жоғары беделге ие болып, әлемде лайықты деңгейде құрметке ие болды. Мұның жаңа жарқын дәлелі Қазақстанның таяуда ғана Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі болып сайлануы десек те болады. Біз шын жүректен көршімізді осынау ұлы жеңісімен құттықтаймыз!», - деп түйіндеді сөзін ол.

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылдың 31 наурызы мен 1 сәуір аралығында Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі 4-ші саммитте Қазақстан Президенті Н.Назарбаев «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін жария етті.

Мемлекет басшысы ұсынған құжатта үш басты қағидат нақты мазмұндалады. Біріншіден, қазіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайды және бола да алмайды, онда бәрі де жеңіледі.

Екіншіден, жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар ядролық, химиялық, биологиялық және ғылым жетістігі негізінде ойлап табылатын басқа да кез келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Бұл бүкіл адамзаттың қырылуына алып келеді. Және осыған кімнің жауап беретінін анықтаудың өзі де кеш болады және жауап беретін адам да табылмайды. Осы ықтимал қауіп-қатерді қазіргі ұлттық лидерлер мен саясаткерлер және олардың кейінгі буын өкілдерінің барлығы аксиома ретінде түсінуге тиіс.

Үшіншіден, мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеу үшін бейбітшілік пен қауіпсіздікке тең жауапкершілік, өзара құрмет және ішкі іске араласпау қағидаттарына бейімделген бейбіт үнқатысулар мен сындарлы келіссөздер негіз болуы керек.

Кейіннен манифест БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT