Ян Непомнящий мен Динь Лижень шахмат матчының 13-ші партиясында тең түсті

None
Фото: fide.com
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада әлем чемпионы атағы үшін Ян Непомнящий мен Динь Лижень арасында өтіп жатқан шахмат матчының 13-ші партиясы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі кездесуде қос шахматшы тең түсті. 13-ші партия 39 жүріспен аяқталды. Әзірге жалпы есеп бірдей – 6,5:6,5.

Айта кетейік, кеше өткен 12-ойында қытайлық шахматшы Динь Лижень ресейлік қарсыласы Ян Непомнящийден басым түсті.

Әлем чемпионы атағы үшін тартысты бәсекенің 14-ші, яғни шешуші партиясы 29 сәуірде өтеді. Егер ол кезде есеп тең болса, онда шахматшылар үшін 4 партиядан тұратын тай-брейк белгіленеді. Бұл кезеңнен кейін де жеңімпаз анықталмаса, шахматшылар блицте шеберлік байқасады. Одан әрі «ақтық партия» бар.

Бұрын хабарлағанымыздай, 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында Астанада шахматтан әлем чемпионаты өтуде.


Соңғы жаңалықтар