+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Ямалда ажал құшқан ұшқыш Қазақстанға келмек болып жүрген

2016 жылғы 22 қазан 17:57
Бөлісіңіз:
Ямалда ажал құшқан ұшқыш Қазақстанға келмек болып жүрген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ямал аймағында апатқа ұшыраған тікұшақтың мерт болған ұшқышы Виталий Провальный қазан айының соңында бірге оқыған жолдастарымен жүздесу үшін Қазақстанға келмек болған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне оның бірге оқыған сыныптасы Елена Веч хабарлады.

Айта кетейік, Ресейдің Краснояр аймағынан Ямал-Ненецк автономды округіне қарай ұшып бара жатқан «Скол» әуе компаниясының МИ-8 тікұшағы Ямал маңындағы Уренгой ауылында апатқа ұшырады. Тікұшақта ұшқыштар мен жолаушыларды қоса алғанда барлығы 22 адам болған. Олардың тек 3-уі ғана аман қалды. Мерт болғандардың арасында Қазақстанның Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданының тумасы Виталий Провальный да бар еді.

47 жастағы ұшқыштың соңында әйелі мен екі қызы қалды.

Еленаның сөзінше, Виталийдің ата-аналары Қазақстанда тұрады. «Әрине, өте қиын. Ол өте ашық-жарқын мінезді жақсы адам еді. Қазір ондай азаматтар сирек қой. Ол мектепте де бәріне үлгі болып жүретін. Біз де оны осы қасиеті үшін мақтан тұтатынбыз. Жақында бірге оқыған кластастар Германияда жолығып, мектеп бітіргеніміздің 30 жылдығын атап өттік. Бұл жерде біздің класта оқығандардың тең жартысы бар. Ол бізді Skype арқылы құттықтап, кездескенімізге қуанып, мектептегі кездерді еске алып, әбден арқа-жарқа болып едік. Ол қазан айының соңында Қазақстанға келіп, осында қалған кластастардың басын қоспақшы еді. Алайда...» деп жазды Германиядан оның кластасы Елена Вич.

«Виталий алдына мақсат қояда білетін, сол мақсатқа жете де білетін, сондай-ақ мейрібан, ақылды азамат еді. Ол - нағыз офицер еді. Бұл бір орны толмас өкінішті жағдай болды. Әсіресе, оның туғандары үшін. Жатқан жері жайлы болсын. Ол расымен де өте жақсы адам еді»,-деп қосты ол.

Осы уақытта Риа Новости агенттігінің хабарлауынша, Ямал-Ненецк аймағының билігі мерт болған азаматтарды туыстарына жеткізу мәселесін шешуде.

Ал, апаттан аман қалған 3 адамның әзірге өмірлеріне қауіп жоқ екендігі хабарланды.

Апаттың салдарынан мерт болған азаматтардың отбасына апат орын алған өңірдің билігі 1 миллион рубльден төлейді. Ал, зардап шеккендерге қатысты көрсетілетін көмектің көлемі әзірге белгісіз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT