Якуттар эпос арқылы тілін сақтап қалды - Егор Борисов

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - ЮНЕСКО Якутияда Еуразия халықтарының эпосы халықаралық орталығын құру бастамасына қолдау білдірді, деп хабарлайды ТАСС.

Бұл туралы «Олонхо жеріндегі әлем халықтарының эпосы» II халықаралық форумында  ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Бокова айтты.

«Якутияға Еуразия халықтарының эпосы орталығын құрып, халықаралық деңгейге шығатын мезгіл жетті. Біз бұл бастаманы қолдаймыз және осы арқылы сіздер еуразия кеңістігінде өмір сүретін халықтардың эпостарының сақталуына мүмкіндік жасайтын боласыздар», - деді И. Бокова.

Жалпы аталған орталықты құру идеясын Саха-Якутия республикасының басшысы Егор Борисов айтқан. «Халық өзінің төл жазуының болмауына қарамастан, Олонхо эпосының арқасында ұлттық тілін сақтап қала алды. Сондықтан да Еуразия халықтарының эпосы орталығы осы бағыттарда жұмыстарды жүргізе береді және  эпостың басқа әлемдік мәдениетпен одан әрі ықпалдасуына мүмкіндіктер жасайды», - деді Е. Борисов.

Айта кетейік, халықаралық орталықты құру жобасы 2020 жылға қарай аяқталмақ. Оның жалпы құны 6 млрд рубльге есептелген. Қазірдің өзінде көрсетілген қаражат мәдениетті дамыту мемлекеттік бағдарламасы желісі бойынша республикалық бюджеттен бөлінген.

Соңғы жаңалықтар