Якутияда шетелдіктердің жұмыс істеуіне тыйым салынбақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Якутияда шетелдіктердің құрылыс және өнеркәсіп салаларында жұмыс жасауына тыйым салынбақ, деп хабарлайды ТАСС.

Якутия билігі құрылыс және пайдалы қазбалар өндіру салаларына шетелдік жұмыс күшін тартуға тыйым салуға бағытталған жарлық жобасын әзірледі. Бұл туралы Якутияның жұмыспен мемлекеттік комитетінің төрағасы Степан Москвитин мәлімдеді.

Оның айтуынша, биліктің мұндай шешімге келуіне республикадағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейі мен өңірлік еңбек нарығындағы тепе-теңдіктің бұзылуы себеп болған.

«Құрылыс және өнеркәсіп салаларынан тыс, 2018 жылы шектеу қойылатын салалардың қатарында көлік, білім беру және денсаулық сақтау салалары да бар. Жарлық жобасы өңірдің өнеркәсіп компанияларына талқылау үшін жіберілді», - деді ол.

Комитет басшысының сөзіне қарағанда, республикадағы халықтың 52%-і тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы, бюджеттік сала секілді қосылған құны төмен салаларда еңбек етеді. Ал жалпы өңірлік өнімнің 70%-ін беретін өнеркәсіп, құрылыс және көлік салаларында республика тұрғындарының 30%-і жұмыспен қамтылған.

Соңғы жаңалықтар