Якутияда 60 градус аяз тіркелді

Фото:
ЯКУТИЯ. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні таңертең Ресейдің Якутияның Оймякон ауылында минус 60 градус аяз тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Оймякондағы ауа температурасы Мәскеу уақыты бойынша 00:00-де минус 60 градусты көрсетті. Оймякон ауданына қарасты облыс орталығы Усть-Нера ауылында 58 градус аяз тіркелді.

Бір күн бұрын минус 60 градус және одан төмен ауа температурасы Якутияның Оленек ауданындағы бақылау нүктелерінде минус 56 градус (Жилинда) және минус 52 градус (Оленёк) байқалады.

Айта кетсек, Якутияның екі елді мекені - Верхоянск және Оймякон жердің солтүстік жарты шарындағы ең суық нүкте. Онда бұған дейін минус 67 градус температура тіркелген.


Соңғы жаңалықтар