ЯК-12 ұшағы құлауының ықтимал себептері белгілі болды - ИДМ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР ИДМ көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің басшысы Жәнібек Тайжанов Алматы облысында ЯК-12 ұшағының құлауының ықтимал себептерін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Оның айтуынша, әуе кемесі жерге тигенде апатқа ұшыраған болуы мүмкін. Сондай-ақ Тайжанов аталған оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, апат орнында жұмыс жасап жатқанын айтты.

Еске сала кетейік, төтенше жағдай бүгін таңертең Панфилов ауданында Шолақай ауылына жақын жерде болған. Жүгері егістігін өңдеуге шыққан ЯК-12 ұшағы құлап, артынан өртене бастаған. Бортта ұшқыш пен тағы бір адам болған. Екеуі де қаза болды. 

Қазір оқиға орнында Талдықорған көлік прокуроры, Алматы-1 стансасы Ішкі істер Желілік бөлімі, Алтынкөл стансасының желілік бөлімі, Панфилов аудандық ТЖД мамандары жұмыс істеп жатыр.

Аталған дерек Алматы әуежайының ҚР ҚК 344-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісінің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Министрлік төтенше жағдайдың себептерін анықтау үшін тексеру жұмыстары туралы бұйрық шығармақ.

Мамандардың айтуынша, аталған ұшақтың ұшуға қажетті барлық құжаттары болған.

Соңғы жаңалықтар