+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Ядросыз әлем бойынша беделді жаһандық ұйым құру қажет – Нұрсұлтан Назарбаев

2019 жылғы 12 қараша 11:36
Бөлісіңіз:
Ядросыз әлем бойынша беделді жаһандық ұйым құру қажет – Нұрсұлтан Назарбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ядросыз әлем үшін жаһандық көшбасшылар альянсын құруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрсұлтан Назарбаев билік транзиті туралы пікір білдірді Елбасы: ЕО мен ЕАЭО – бір-бірін толықтыратын өзара байланысты ұйымдар Елбасы Еуразия экономикалық одағының болашағы туралы айтты

«БҰҰ сессияларының бірінде «Әлем және ХХІ ғасыр» манифесімде соғыс пен ядролық қарудан түбегейлі бас тартып, Тұрақты әлем географиясын қалыптастыру қажеттігін айтқан едім. Жаппай қырып-жою қаруын таратпау халықаралық жүйесі негіздерінің жоғалуынан және Иран мен Корея халықтық демократиялық республикасының ядролық бағдарламаларының шиеленісуінен бұл мәселе өзектілене түсті. Әлемде ядролық қарусыздандыру мен таратпауды насихаттайтын беделді жаһандық платформа құру қажеттігі артып келеді. Осыған байланысты, Ядросыз әлем үшін жаһандық көшбасшылар альянсын құру бастамасын көтеру қажет деп есеитеймін», - деді Елбасы Astana Club пленарлық отырысының ашылуында.

Оның айтуынша, әлемнің жетекші ғалымдары, беделді саясаткерлері ядролық қаруды таратпау ісінде күш-жігерін біріктіре алар еді.

«Біздің клуб қатысушыларына осындай халықаралық бірлестік құру келешегін талқылауды ұсынамын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, 11-12 қараша күндері «Назарбаев Орталығында» әлемнің жетекші дипломаттары мен саясаткерлерінің және сарапшыларының басын қосатын «Астана клубының» бесінші отырысы өтуде. Мерейтойлық отырыс тақырыбы «Үлкен Еуразия: жаһандық ынтымақтастықтың жаңа құрылымы жолында» деп аталады. Клубтың сараптамалық талқылауына АҚШ, Қытай және Ресей арасындағы қырғи-қабақтың ушығуы, сауда протекционизмі мен популистік көңіл-күйдің артуы, сондай-ақ Иран мен Солтүстік Корея төңірегінде жаңа шиеленістердің бой көрсетуі мәселелері арқау болмақ.

Бұған дейін Елбасы Еуразия қауіпсіздігі бойынша өзекті мәселелерді атап көрсеткен еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT