Ядролық қарусыздану: Әлемде шиеленіс әлі де байқалып отыр –ҚР Президенті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ядролық қарусыздану саласында әлемде әлі де болса қауіпті шиеленіс байқалып отырғанын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасын бүкіл әлемдік қоғамдастық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы ретінде әділ танып отыр. Ол ядролық қарусыздануға жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге орасан зор үлес қосты. Осы жылдары Нұрсұлтан Назарбаев мырза бірқатар елеулі бастамалар жасады. Олар халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды факторларға айналып отыр. Бұл - Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақты құру туралы еліміздің аумағында МАГАТЭ қамқорлығымен төмен байытылған уран банкін орналастыру туралы Қазақстанның ирандық ядролық проблеманы реттеудегі делдалдық миссиясы. Осының бәрі жаһандық тұрақтылық пен сенімнің іргетасын айтарлықтай нығайта түсті. Әлі де болса әлемде қауіпті шиеленіс байқалып отыр. Бұл туралы Елбасы өзінің «Әлем. XXI ғасыр» атты манифесінде айтып өткен болатын», - деді ҚР Президенті бүгін елордада өткен «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын» табыстау рәсімінде.


Соңғы жаңалықтар