Ядролық қаруға қарсы қазақстандықтардың қолы бар құжат БҰҰ-ға жіберілмек

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы ядролық қаруға жаһандық деңгейде толық тыйым салуды қолдау мақсатында қазақстандықтардың қолын жинап, оны БҰҰ және өзге де халықаралық ұйымдарға жолдамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.   СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы ядролық қаруға жаһандық деңгейде толық тыйым салуды қолдау мақсатында қазақстандықтардың қолын жинап, оны БҰҰ және өзге де халықаралық ұйымдарға жолдамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бүгінде Қазақстан жаппай қырып-жою қаруынан бас тартқан мемлекет ретінде көптеген елдерге үлгі болып отыр. Осы орайда, «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы ядролық жарылыстарға қарсылық білдіріп, олардың таралуын болдырмау және әлем халықтары арасында бейбітшілікті қолдау мақсатында ел тұрғындарының қолын жинауды мақсат етіп отыр. Бүгінде қозғалыс мүшелері түрлі кәсіпорындар мен мекемелердің, еңбек ұжымдары мен қарапайым тұрғындардың арасында бұл кампанияның мақсат-міндеттерін түсіндіруге кірісіп кетті.

Атап өтілгендей, қолдарды жинауды қозғалыстың 30 жылдық мерейтойы қарсаңында, яғни 2019 жылдың ақпанында аяқтау көзделген. Кейін ол БҰҰ-ға, халықаралық ұйымдар мен әлемдік қауымдастықтарға жіберілетін болады.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы полигонды жабу туралы Жарлыққа қол қойды. 1993 жылы Елбасы Алматыда өткен екінші халықаралық антиядролық форумда әлем жұртшылығына ядролық сынақтарға мораторий жариялауды ұсынды. 2006 жылы Семейде Орталық Азиядағы ядролық қарусыз аймақ жөнінде келісімшарт жасалды. 2009 жылы Семейде өткен «Бейбітшілік миссиясы» митингісінде 29 тамыз күнінің маңыздылығы туралы айтты. Міне, осының бәрі біздің елдің бейбіт өмірді жақтайтындығының көрінісі. Егер әлемде ядролық қару жойылмаса, бейбітшілік болмайды. Бетін әрі қылсын, аяқ асты ІІІ дүниежүзлік соғыс басталса онда жеңімпаз болмайды. Өйткені ядролық қару барлық адамзатты жоюуы мүмкін», - дейді «Невада-Семей» Халықаралық антиядролық қозғалысының вице-президенті Сұлтан Қартоев.

 

 

Соңғы жаңалықтар