Ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан елге қауіпсіздік кепілі берілуі тиіс – Назарбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан мемлекетке ядролық державалар қауіпсіздік кепілін беруі тиіс. Бұл туралы бүгін «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын» табыстау рәсімінде ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ядролық қару негізінде стратегиялық тұрақтылықтың көнерген тұжырымдамасын қайта қарау қажет. Ядролық қарулануды бақылаудың жаңа жүйесін қалыптастыру да керек. Қорытындысында ядролық қарулануды қысқарту бойынша жалпы қамтымды шартты әзірлеу бойынша келіссөздерге шығу маңызды», – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев ядролық державалар тарапынан қауіпсіздіктің заңды тұрғыда міндетті кепілінің тиімді жүйесін енгізу мәселесі де барынша өзекті екендігін атап өтті.

«Қауіпсіздік кепілі өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан, сонымен қатар ядросыз мәртебесі бар мемлекеттерге берілуі тиіс», - деді ол.



Соңғы жаңалықтар