Я.Шишко: ЭКСПО-2017 - поляк технологияларын көрсету үшін маңызды жоба

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Елшісі Ерік Өтембаев Польшаның Қоршаған орта министрі Ян Шишкомен кездесу өткізіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыру мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында энергияның баламалы көздері саласында, климаттық саясат аясында, инвестицияларды тарту, сондай-ақ бірлескен зерттеулер саласында өзара ықпалдастықты дамытудың айтарлықтай әлеуеті атап өтілді.

Я.Шишко 2017 жылы Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбымен жоспарланған ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі заманауи Польшаның технологиялық ойын көрсетудің кең мүмкіндіктерін, ғылыми орта мен бизнестің қызығушылығын тудыра алатын алдыңғы қатарлы жобаларды ашатындықтан маңызды болатындығын атап өтті. Ол ЭКСПО-ның Қазақстан мен Польшаның арасындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға септігін тигізетініне сенімді.

Сондай-ақ аймақтық экологиялық жобалардың іске асырылуы, сондай-ақ «жасыл» технологияларды дамыту механизмдерін құруды қамтитын «Жасыл көпір» атты қазақстандық бастаманың аясында ынтымақтастықтың болашағы атап өтілді.

Министр топырақтың азуы, шөлге айналуы, Арал теңізі, орман сілемдерін қалпына келтіру, экожүйелерді дамытумен байланысты проблемаларды шешуге қатысты қазақстандық жобаларға қатысуға қызығушылық танытты. Польшаның осындай проблемаларды шешуде табысты тәжірибесі бар. Табиғатты қорғау ведомствосын үшінші рет (1997-1999 жж., 2005-2007 жж., 2015-қазіргі кез) басқарып отырған Я.Шишконың айтуынша, бұл үшін поляк үкіметі соңғы онжылдықтарда үлкен жүйелі жұмыс жүргізген.

Соңғы жаңалықтар