БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Чжанцзякоу қаласының Чунли қаласы - XXIV қысқы Олимпиада ойындарының бір кластері 2022 жылдың 4 қаңтарынан 30 наурызына дейін туристер үшін жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарпи меншікті тілшісі.
Чжанцзяку қаласының Мәдениет және туризм басқармасының хабарламасына сәйкес ірі халықаралық іс-шаралар мен оларға дайындық жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету үшін Чунли ауданы мен оның тау шаңғысы базалары осы жылдың 4 қаңтарынан 30 наурызына дейін туристерді қабылдамайды.