XVI құрметті Рим Папасы Бенедиктің денесі 5 қаңтарда жер қойнына табысталады

Фото:
ВАТИКАН. ТАСС-ҚазАқпарат – Дүйсенбіде Ватиканда сенбі күні қайтыс болған XVI құрметті Рим Папасы Бенедикпен қоштасу рәсімі басталады. 2013 жылы тақтан бас тартып, құрметті Рим Папасы атағын алған бұрынғы понтификтің денесі қоштасу үшін 09:00-ден (жергілікті уақытпен сағат 11:00) Әулие Петр соборына шығарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Папамен қоштасу үш күнге созылады, содан кейін 5 қаңтарда Рим-католик шіркеуінің қазіргі қараушысы Францисктің марқұмға арнап бағыштаған дұғасынан кейін жерлеу рәсімі өтеді.

Бенедикт XVI тірі кезінде өзі қалағанындай собордың құрбандық үстелінің астындағы скриптаға жерленетіні белгілі болды.

Бенедикт XVI 31 желтоқсанда 95 жасында қайтыс болды. Дереккөздер 25 желтоқсанда құрметті Папаның денсаулығы күтпеген жерден күрт нашарлағанын хабарлады. 28 желтоқсанда ұжымдық аудиенция кезінде Франциск бұрынғы Папаның қатты ауырып жатқанын хабарлап, ол үшін дұға етуге шақырды.

Неміс кардиналы, көрнекті теолог Йозеф Ратцингер 2005 жылы оның алдындағы Иоанн Павел II қайтыс болғаннан кейін Папа тағына XVI Бенедикт есімін алып отырды.

2013 жылы ол соңғы 600 жылда папалық тақтан бас тартқан алғашқы понтифик атанды. Сол кезде 85 жаста болған Бенедикт өз шешімін Рим-католиктік шіркеуді басқаруға күшінің жоқтығымен түсіндірді. XVI Бенедикт соңғы жылдары Ватикан аумағындағы бұрынғы монастырь ғимаратында құрметті Рим Папасы мәртебесінде өмір сүрді.

Жексенбі күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискке және бүкіл католик көңіл айту жеделхатын жіберді.


Фото: AP Photo/ Andreas Schaad

Соңғы жаңалықтар