XII «Еуразия» кинофестивалінде тұңғыш рет араб кинолары көрсетіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Оңтүстік астанада 24-30 қыркүйек аралығында шартараптан келетін кино майталмандарын қабылдауға әзірлік жүріп жатыр.

Елімізде он екінші рет өткізіліп отырған ауқымды мәдени шара - Еуразия кинофестиваліне дайындық туралы бүгін танымал кинорежиссер Рашид Нұғыманов айтып берді.

Оның айтуынша, биылғы ерекшелік фестиваль форматының еркіндігінде болмақ. Киногерлер биылғы шара халықтық сипатта өтеді деп отыр. Яғни барлық кинотуындыларға кіру тегін әрі қаладағы дәмханалар, мейрамханалар мен саябақтарда, барлығы 20 алаңда көрсетілімдер жүретін болады. Айта кетейік, биылғы фестиваль махаббат тақырыбында өтеді.

«Фестивальдің негізгі бағдарламасы «Kinopark 11 (Есентай) IMAX 3D» кинотеатрында өтеді.

«Негізгі байқауға 13 кинокартина тапсырылды. Оның 3-еуі қазақстандықтардың жұмысы. Сонымен қатар, қысқаметражды 15 фильм ұсынылып отыр, оның  5-еуі отандық туынды», - деді іріктеу комиссиясының жетекшісі Олег Борецкий. 

Фестиваль бағдарламасы бойынща қосымша алыс және жақын шетелдің, Қазақстан мен Орталық Азияның киногерлері түсірген 112 фильм көрсетіледі. Оның 20-сы көшедегі алаңдарда жүреді. Тұңғыш рет фестиваль аясында түрлі жанрда түсірілген араб кинолары көрермен назарына ұсынылады. Айта кетейік, Халықаралық кинофестиваль «дәстүрі» бойынша,  деректі фильдер мен балаларға арналған кинолар биыл да көрсетіледі. Оларға арнайы сыйлық тағайындалған. Үздік деректі фильм авторына Ораз Әбішев атындағы сыйлық табыс етілсе, үздік балалар фильміне Абдолла Қарсақбаев атындағы сыйлық берілмек.

Айта кетейік, Халықаралық кинофестиваль Оңтүстік Кореяда прокат бойынша рекорд орнатып үлгерген «Пусанға барар пойыз» кинокартинасымен ашылады.  

Соңғы жаңалықтар