XI халықаралық Жәутіков олимпиадасына 15 елдің 60 командасы қатысады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 11-17 ақпан аралығында Республикалық арнайы мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатында дәстүрлі Жәутіков олимпиадасы өтеді.

Математика мен физика пәні бойынша өтетін халықаралық додаға Ресей, Украина, Беларусь, Әзербайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Болгария, Румыния, Сербия және Моңғолия мен әлемнің өзге де 15 елінен 60 команда қатыспақ.

Халықаралық қазылар алқасына 9 елдің өкілдері енген. Сайысқа баға беретін төрешілерге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов төрағалық етеді. Білім додасының салтанатты ашылуы 2015 жылдың 12 қаңтары күні сағат 16.00-де, жабылуы 2015 жылдың 16 қаңтарында сағат 16.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Студенттер сарайында өтеді.

Салтанатты ашылуда құттықтау сөзбен ҚР Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Нұртөлеуұлы Иманғалиев келеді деп күтілуде.

Аталған олимпиада осымен 11-ші ре т өткізіліп отыр. Былтырғы сайыста Ресей командасы жалпыкомандалық есепте бас жүлдеге ие болып, Қазақстан командасы бірінші орынға табан тіреген еді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл алыс-жақын шетелдердегі арнайы мамандандырылған мектептердің ең үздік командаларын анықтайтын бірегей олимпиада.

Соңғы жаңалықтар