WTI және Brent маркалы мұнайдың баррелі 31 долларға өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнай бағасы өсуін жалғастыруда. Бұған дейін Brent маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстерінің бағасы бір баррель үшін 30 доллар болған. Сауда барысында екі эталон - Brent және WTI маркалы мұнайдың бір баррелі үшін баға 31 долларға жетті.

Жұма күні мұнай бағалары өсіп жатыр. Brent және WTI маркалы мұнайдың бір баррелі үшін баға 31 доллар көрсеткішке оралды. Мұны биржа саудасының мәліметтерінен көруге болады.

Сағат 12:20-дағы жағдай бойынша солтүстіктеңіздік Brent маркалы мұнай қоспасының наурыздағы фьючерстерінің бағасы 4,41 пайызға - бір баррель үшін 30,91 долларға өскен. WTI маркалы мұнай қоспасының наурыздағы фьючерстерінің бағасы 4,49 пайызға өсті - бір баррель үшін баға 30,85 долларға дейін жеткен. Бұл ретте бұған дейінгі сауда барысында екі эталонның да бағасы бір баррель үшін 31 доллар болған.

Соңғы жаңалықтар