WTA рейтингі: Қазақстандық теннисші бірден 88 орынға жоғарылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) өкілдерінің жаңартылған рейтингі шықты, деп хабарлайды Sports.kz.

Рейтингте румындық спортшы Симона Халеп көш бастап тұр. Екінші орынды - дат теннисшісі Каролин Возняцки иеленсе, алғашқы үштікті испаниялық Гарбинье Мугуруса тұйықтап тұр.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс жеке разрядта бір орынға көтеріліп, 53-орынға жайғасты. Біздің тағы бір отандасымыз Юлия Путинцева 13 орын төмен түсіп, 93-позицияны иеленді.

Жұптық разряд рейтингінде Галина Воскобоева 88 орын жоғары көтеріліп, 186-орынды алды. 

Соңғы жаңалықтар