WTA-ның жаңартылған рейтингі: Зарина Дияс ТОП-100-ден шығып қалуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдік теннистің жаңа маусымдағы алғашқы аптасы аяқталар тұста Әйелдер теннисі қауымдастығы өз рейтингін жаңартты. Жаңа тізімде, тіпті, алдыңғы ондық та өзгеріске ұшыраған, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Румыниялық Симона Халеп әлі де әлемдік рейтингте көш бастап тұр. Үздік үштікке, сондай-ақ, неміс қызы Анжелик Кербер мен дат Каролин Возняцки тұр. Бір саты жоғарылап жапондық Наоми Осака 4-ші, америкалық Слоан Стивенс 5-ші орынға жайғасты.

Одан арғы тізім былай: 6. Элина Свитолина (Украина) - 4940; 7. Каролина Плишкова (Чехия) - 4750; 8. Петра Квитова (Чехия) - 4640; 9. Кики Бертенс (Нидерланды) - 4360; 10. Дарья Касаткина (Ресей) - 3416.

Юлия Путинцева Қазақстанның үздік теннисшісі деген атағын сақтап қалды, ол бұрынғыдай 44-ші орында тұр. Зарина Дияс бұған дейін 89-орында тұрған. Ол енді төмен сырғып, 98-орынға түсті.

Айта кетейік, кеше екі қазақстандық теннисші Австралияның Сидней қаласында өткен квалификациялық жарыстың іріктеу кезеңінің финалында кездескен болатын.

Жексенбі таңы теннисшінің екеуі үшін де оңай болған жоқ. Әуелі Зарина Дияс чехиялық Барбора Стрыцованы 7:5, 1:6, 6:4 есебімен ұтқан. Одан кейін Юлия Путинцева жергілікті жас теннисші Дестини Айаваны (6:0, 6:2) жеңді.

Қазақстандық спортшылардың кездесуі жаңбыр кесірінен үзіліп отырды, алайда ауа райының қолайсыздығы матчты аяқтауға кедергі болған жоқ. Ойын қорытындысы бойынша, Юлия Путинцева қарсыласын 6:2, 6:2 есебімен ұтты.

Бұл Юлияның сәтсіз өткен екі матчтан кейін Заринаны бірінші рет жеңуі екенін атап өту керек. Бұған дейін 2017 жылы Токиода және былтыр Нью-Хэйвенде өткен ойындарда Дияс Путинцеваны жеңген болатын.

Қазақстанның үздік теннисшілері: 44. Юлия Путинцева - 1145; 98. Зарина Дияс - 635; 186. Елена Рыбакина - 316; 344. Анна Данилина - 114; 508. Гозаль Айнитдинова - 45.

Соңғы жаңалықтар