WSJ 2024 және 2028 жылғы жазғы Олимпиада өтетін қаланы атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2024 жылғы Жазғы олимпиада ойындары Парижде өтуі мүмкін. 2028 жылы Олимпиада Лос-Анжелесте өтеді деп жоспарлануда, деп жазады The Wall Street Journal дереккөздеріне сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметіне сүйенсек, барлық келісімдер жасалып қойылды, қалғаны Лос-Анжелес пен АҚШ Олимпиада комитетіне байланысты.

ХОК мынадай жолды ұсынуда, 2024 жылғы Жазғы олимпиада ойындарын өткізу құқығына ие бола алмаған қала 2028 жылы Олимпиаданы өткізеді.

Олимпиаданы жеті жылдан кейін өткізуді жоспарлағанымен, қалалардың әкімшіліктері үшін 2028 жылғы ойындарды өткізу «қаржылай тиімді және дұрыс шешім» болмақшы. 

Басылым сұхбаттасушыларының мәлімдеуінше, ірі спорттық шара астанасын анықтау Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы Томас Бахтың Лос-Анжелес мэрі Эрик Гарсетти мен АҚШ Олимпиада комитетінің төрағасы Ларри Пробспен жеке кездесуінен кейін қызу талқылана бастады.

Жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге Париж бен Лос-Анжелестен өзге Гамбург, Будапешт және Бостон қалалары да өтініш білдірген. Алайда, бұл қалалар өтініштерін кері қайтарып алды. 2024 жылы өткізілетін Олимпиада астанасын сайлау қыркүйек айында Халықаралық олимпиада комитетінің 130-ыншы сессиясында өтеді.

2028 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге өтініштер әлі түскен жоқ.

2020 жылғы жазғы Олимпиада Токиода өтеді.

Соңғы жаңалықтар