WSB финалының қайда өтетіні белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана Арланс» пен «Куба Домадорес» арасындағы Дүниежүзілік бокс сериясының финалдық матчтары 26-28 қыркүйек аралығында өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

WSB финалдық мачтары Қытайдың екі қаласына жоспарланған. Бірінші ойын 26 қыркүйекте Сымяньда, екінші кездесу 28 қыркүйекте Цзинцзяньда өтетін болады.

Еске салайық, жартылай финал ойындарында қазақстандық «Астана Арланс» командасы «Бритиш Лайнхартсты» жеңген еді. Ал «Куба Домадорес»  «Франс Файтинг Рустерстен» басым озды.

Бұған дейін, Қазақстан мен Куба командалары бір жыл бұрын Астанада финалдық матчта кездескен еді.Нәтижесінде арландықтар шешуші ойында қарсыластарын 6:5 есебімен жеңіп, Дүниежүзілік бокс  сериясының үш мәрте жеңімпаздары атанған.

Соңғы жаңалықтар