WSB финалы: Зәкір Сафиуллин кубалық Хорхе Альварестен айласын асыра алмады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтіп жатқан Дүниежүзілік бокс сериясы (WSB) бойынша «Астана Арландары» мен «Куба Домадорес» арасындағы кездесу барысында 60 келі салмақтағы Зәкір Сафиуллин Ласаро Хорхе Альварес Эстрададан айласын асыра алмады. Дегенмен, жалпы есеп 4:3, «Астана арландары» алда тұр.

Айта кетейік, Ласор Альварес екі дүркін әлем чемпионы, Риода өтетін Олимпиада ойындарына лицензия мәселесін де шешіп қойған әлемнің үздік боксшыларының бірі. Дегенмен, титулды кубалықтан Зәкір Сафиуллин еш қаймыққан жоқ. Керісінше, Зәкір Сафиуллин аса тәжірибелі, әбжіл қимылдайтын Альварес Эстрадаға қарсы дүркін-дүркін соққы жасап, жеңістің оңай болмайтынын әбден танытты. Үш төрешінің екеуі 46 -49, біреуі 47-48 ұпаймен кубалықты жеңді деп тапты.

Еске сала кетейік, бұған дейінгі бүгінгі кездесуде 52 келі салмақ дәрежесінде Олжас Сәттібаев Йосвани Вейтиа Сотоны тізе бүктірген болатын.

Соңғы жаңалықтар