WSB финалы: Сүлейменов сүрініп, Куба есепті теңестірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда WSB сериясы аясында өтіп жатқан "Астана арландары" мен "Куба Домадорес» командасы арасындағы финалдық кездесудің алғашқы жекпе-жегінің екінші айқасында кубалықтар есепті теңестіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаршы алаңға екінші болып шыққан Ілияс Сүлейменовтың (56 келі) қарсыласы Кабалльеро Гарсияға шамасы жетпеді. Төрешілер бірауыздан кубалық боксшыны жеңімпаз деп таныды.

Осылайша кос команда арасындағы есеп теңесті.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 49 келі салмақта Теміртас Жүсіпов кубалық қарсыласы Дамиан Арсе Дуартемен жұдырықтасып, бес руандтың қорытындысы бойынша 3:0 есебімен басым түскен еді.

Соңғы жаңалықтар