WSB финалы: Олжас Сәттібаев екінші күннің алғашқы жеңісіне қол жеткізді - ВИДЕО

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде Дүниежүзілік бокс сериясы (WSB) бойынша «Астана Арландары» мен «Куба Домадорес» арасындағы кездесу барысында 52 келі салмақ дәрежесінде Олжас Сәттібаев Йосвани Вейтиа Сотоны тізе бүктірді.

Бірден айтайық, кубалық боксшы өз командасының ғана емес, әлемдік рейтингтегі үздік боксшы. Дегенмен, Олжас Сәттібаев бірінші раундтан бастап жекпе-жекті өз басымдығында ұстады. Алма-кезек соққылар барысында қабағы жарылып, жарақат алғанына қарамастан, Олжас қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Тек төртінші раундта ғана кубалық басымдыққа ие болғанымен, жалпы есепте 49:46 ұпайын иеленіп, Олжас Сәттібаев «арландарға» екінші күннің алғашқы жеңісін әкелді.

Осылайша, ақтық айқастың жалпы есебі әзірше 4:2. «Астана арландары» алда келеді.

Еске сала кетейік, финалдық жекпе-жектің екінші күні бес салмақ дәрежесі бойынша боксшылар кездеседі. Дәл қазір 60 келі салмақпен Зәкір Сафиуллин мен Ласаро Хорхе Альварес Эстрадамен қолғап түйістіруде.

Соңғы жаңалықтар