WSB финалы: Куба суырылып алға шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда WSB сериясы аясында өтіп жатқан "Астана арландары" мен "Куба Домадорес» командасы арасындағы финалдық кездесудің алғашқы жекпе-жегінің үшінші айқасында кубалықтар суырылып алға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаршы алаңға "Арландар" сапынан үшінші болып 64 келі салмақта Ділмұрат Мижитов шыққан болатын. Өкінішке қарай отандасымыз қарсыласы Энди Крузға 2:1 есебімен жол беріп қойды.

Осылайша кубалықтар 2:1 есебімен жалпы есепте алда келеді. Енді екі кездесу күтіп тұр. 75 келі салмақтағы  Әбілхан Аманқұл мен 91 келі салмақтағы Нұрбол Алтаев ел намысын қорғайды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 49 келі салмақтағы Теміртас Жүсіпов кубалық қарсыласынан айласын асырса, Ілияс Сүлейменов қарсыласына жол берген болатын.

Соңғы жаңалықтар