WSB финалы: Қайрат Ералиев кубалық Энди Робейстен айласын асыра алмады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) бойынша «Астана арландары» мен «Куба Домадорес» арасындағы финалдық кездесуде 56 келі салмақ дәрежесінде жерлесіміз Қайрат Ералиев кубалық Энди Робейсиден айласын асыра алмады.

Қарсыластар арасындағы жекпе-жек аса тартысты өтті. Төрешілер бірінші раундта 10-9 есебімен жеңісті жерлесімізге бергенімен, екінші раундта кубалық қабылан есепті теңестіріп кетті. Ал үшінші раундта қапталдағы төрт төреші де қазақстандықтың басымдығын есепке алса, төртінші раундта есеп қайта теңескен болатын. Бесінші раундта Қайрат Ералиев қарсыласына есе жіберіп алды. Қорытынды есеп кубалықтың қанжығасында кетті: 47-48.

Бұл маусымда Қайрат Ералиев үш кездесу өткізіп, үшеуінде де жеңіске жеткен екен. Еске сала кетейік, бүгін боксшылар бес салмақ дәрежесі бойынша жекпе-жекке шығады.

Соңғы жаңалықтар