WSB финалы: Әбілхан Аманқұл таразы басын теңестірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда WSB сериясы аясында өтіп жатқан "Астана арландары" мен "Куба Домадорес» командасы арасындағы финалдық кездесудің алғашқы жекпе-жегінің төртінші айқасында есеп теңесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаршы алаңға "Арландар" сапынан төртінші болып 75 келі салмақта Әбілхан Аманқұл шыққан болатын. Аса тартысты өткен жекпе-жекте төрешілер бірауыздан отандасымызды жеңімпаз деп таныды.

Осылайша "Астана арландары" мен "Куба Домадорес» командасы арасындағы есеп 2:2 болып теңесті.

Енді бүгінгі күннің соңғы жекпе-жегі өтеді. Онда ауыр салмақтағы боксшылар шаршы алаңға шығады. "Арландар" сапынан   91 келі салмақта Нұрбол Алтаев ел намысын қорғайды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 49 келі салмақта Теміртас Жүсіпов шығып, кубалық қарсыласынан айласын асырса, Ілияс Сүлейменов қарсыласына жол берген еді. Сондай-ақ, үшінші жекпе-жекте 64 келі салмақта Ділмұрат Мижитов та сүрініп, кубалықтар бір ұпай санымен алға шығып кеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар