WSB финалы - 5-4: Нұрдәулет Жарманов кубалыққа есе жіберіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтіп жатқан Дүниежүзілік бокс сериясы (WSB) бойынша «Астана Арландары» мен «Куба Домадорес» арасындағы финалдық кездесуде 81 келі салмақтағы Нұрдәулет Жарманов пен Хулио Сесар ла Крус Пераса шеберлік сынасты. Төрешілер жеңісті бірауыздан «кубалық қабыланға» берді.

«Астана Арландары» сапындағы Нұрдәулет Жарманов шаршы алаңда осал боксшы емес екенін дәлелдеді. Дегенмен, кубалық боксшы өзінің тәжірибелілігінің арқасында жақсы жекпе-жек мәнерін көрсете білді. Айқас қорытындысында үш төрешінің үшеуі де кубалыққа басымдық берді.

Дәл қазір + 91 келі салмақтағы Иван Дычко мен Йоханди Тойрак Ортега арасында жекпе-жек өтуде. Осы кездесу ақтық айқастың тағдырын да шешуі ықтимал. Әзірше жалпы командалар арасындағы есеп 5:4, «Астана арландары» алда келеді.

Соңғы жаңалықтар