WSB финалы - 5-3: Асланбек Шымбергенов «Астана арландарына» бесінші жеңісті сыйлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтіп жатқан Дүниежүзілік бокс сериясы (WSB) бойынша «Астана Арландары» мен «Куба Домадорес» арасындағы финалдық кездесуде 69 келідегі Асланбек Шымбергенов Роньель Иглесиас Сотолонгоны айқын басымдылықпен жеңіп, командасына бесінші жеңісті сыйлады.

Ақтық сайыстағы екі команда арасындағы сегіз кездесудің қорытындысы бойынша есеп 5:3, «Астана арландары» алда келеді.

Асланбек Шымбергеновтың бұл кездесуін сенсацияға да балауға болады. Өйткені, оның қарсыласы Олимпиада чемпионы аса тәжірибелі Иглесиас Сотолонго болатын. Алғашқы екі раундта кубалық боксшы басымдықта болғанымен, Асланбек үшінші раундтан бастап шаршы алаңда нағыз қожайын екенін танытты. Сотолонгаға еш мүмкіндік қалдырмастан, ақыры аса тәжірибелі боксшыны тізе бүгуге мәжбүрледі. Төрешілердің үшеуі де жалпы есепте қазақстандықтың жоғары деңгейде өнер көрсеткенін мойындады, екі төрешінің ұпай жазбалары 48-47 болса, бір төреші 50-45 деп бастан аяқ Асланбекке жеңісті жазды. Сөйтіп, олимпиада чемпионы біздің жерлесімізге қарсы еш қайрат көрсете алмады.

Соңғы жаңалықтар