WSB-2018: «Астана Арланстың» келесі қарсыласы белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Astana Arlans» командасы WSB Дүниежүзілік бокс сериясындағы екінші кездесуін Ақмола облысы Щучье қаласында өткізбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған клубтың ВКонтактегі ресми тобында жарияланған мәліметтерге қарағанда, Astana Arlans-тың Patrion Boxing Team-ға (Ресей) қарсы екінші бәсекесі Щучье қаласындағы «Жақсы 2» спорт кешенінде 24 ақпанда өтеді. Бокс кеші сағат 16:30-да басталмақ.

Еске сала кетейік, «Astana Arlans» командасы WSB Дүниежүзілік бокс сериясының 2018 жылғы маусымындағы алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтаған болатын.

Соңғы жаңалықтар