«World of Tanks» гранд финалының жеңімпазы 5 млн теңге алады (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында «World of Tanks» компьютерлік ойындарының гранд-финалы басталды.

Аймақтық кезеңнен өтіп келген 4 команда «Қазақстан үшін ұрыста» 5 млн теңгеге таласатын болады.

«Келушілерге арнайы ойын алаңы жасалды. Кез келген адам ойын ойнап, демеушілерден кепілді сыйлық ала алады. Ең көп ұпай алған адам BMW маркалі жаңа көлікке ие болады», - деді Wargaming ресми өкілі Иван Жвица.

Қазіргі таңда виртуалды ойынға әлем бойынша 110 млн-нан астам ойыншы тіркелген.

«World of Tanks» финалында ХХ ғасырдың ортасындағы соғыс техникасының виртуалды көшірмесі жасалған.

Сондай-ақ, спорт сарайының фойесінде ҰОС кезеңіндегі қару көрмесі, балаларға арналған аэрографиядан сайыс ұйымдастырылды.

ҚР Аэроұтқыр әскерінің қызметкерлері әскери техниканың көрмесін өткізді.

«Бүгінде жастардың басым көпшілігі компьютерлік ойындарды ойнайды. Бұл жастардың әскери техниканы танып, тарихын біле жүруі үшін керек. Отаны үшін виртуалды сайысса да оның жүрегінде отаншылдық сезімі оянады», - деді Халық қаһарманы, майор Азамат Жұмаділов.

Соңғы жаңалықтар