WKF каратеден Мәскеудегі премьер-лига кезеңін кейінге шегерді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік карате федерациясы (WKF) Мәскеудегі Премьер-лига кезеңінің кейінге шегерілгенін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат olympic.kz сілтеме жасап.

Халықаралық турнир биылғы жылдың 2-4 қазаны аралығында өтуі тиіс болатын. Алайда, ұйымдастырушылар турнирді жыл соңына қалдыруды жөн көріп отыр. Жарыстың нақты өтетін мерзімі кешірек белгіленеді.

«Спортшылар мен жарысты ұйымдастырушылардың денсаулығы біз үшін аса маңызды. Каратешілердің басын қосу үшін біз әлемдегі жағдайды бақылауда ұстаймыз», - делінген мәлімдемеде.

Осыған дейін әлем чемпионаты да кейінге шегерілген болатын.


Соңғы жаңалықтар