Windows 95 браузерде іске қосылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шотландияда 19 жасар Андре Фолдсу Windows 95-ті қандай да бір плагинсіз жұмыс істете алды. The Next Web сайтының хабарлауынша, операциялық жүйенің 20 жыл бұрынғы нұсқасы браузерлік JavaScript командаларында C++ кодын конверциялайтын эмуляторда жұмыс істеуде.

Emscripten эмуляторы мен DOSBox виртуалдық машинасы плагиндерді орнату және Windows 95 шаң басқан дискін іздеп әуре болмай-ақ ретронұсқаны пайдалануға мүмкіндік беріп отыр. Операциялық жүйе JavaScript-те құрастырылады, содан соң ғаламтор арқылы браузерге жіберіліп қолданысқа беріледі. Браузерде ескіне еске түсіріп «Солитер» ойнауға, DOS-пен жұмыс істеуге болады.

Эмулятор аса сәтті шықпаған. Мысалы, Internet Explorer эмулятордың ішінде тұр. Алайда жас шотландиялықтың жұмысы жақсы әсер қалдырады, инженерлік ой жемісінің қарымы қаншалықты екенін көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар