WikiLeaks-тің негізін қалаушы Джулиан Ассанж қамауға алынды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - WikiLeaks ұйымының негізін қалаушы Джулиан Ассанж Лондонда ұсталды. Бұл туралы бейсенбі күні Скотленд-Ярдтың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

«47 жастағы Джулиан Ассанжды бүгін 11 сәуір, бейсенбі күні Лондон полиция қызметінің қызметкерлері Вестминстер магистраттар соты сотқа келуден бас тартқаны үшін 2012 жылғы 29 маусымда берген ордер негізінде Эквадор елшілігінде ұстады», - делінген хабарламада.

Ол Лондонның орталық полиция учаскесінде қамауда отыр. Ассанж Вестминстер сотына шақырылғанға дейін сонда болады.

Скотленд-Ярд өкілдерінің айтуынша, полицейлер оны қамауға алу туралы сот берген ордер аясында өз міндеттемелерін атқарған. Эквадор Ассанжға пана болудан бас тартқан соң, елші елшілікке полицейлерді шақырған.

WikiLeaks ұйымының негізін қалаған Ассанж 2012 жылы Швецияға экстрадицияланудан жалтару үшін Эквадордың Лондондағы елшілігінен пана сұраған. Швецияда Ассанжға зорлау дерегі бойынша айып тағылған. Алайда Ассанж өзіне тағылған айыптаулардың ешбірін мойындамай отыр.

Соңғы жаңалықтар