WhatsApp жаңа хабарламаны редакциялау функциясын қосады

None
САН-ФРАНЦИСКО. ҚазАқпарат - WhatsApp пайдаланушыларға хабарламаларды редакциялауға мүмкіндік беретін жаңа функция қосылғанын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап.

Компания хабарламаларды жіберілгеннен кейін 15 минут ішінде өңдеуге болатынын мәлімдеді.

Лезде хабар алмасу қызметі Facebook пен Instagram-ға иелік ететін америкалық технологиялық алпауыт Meta-ның бөлігі.

Бұл мүмкіндік алдағы апталарда WhatsApp-тың 2 млрд пайдаланушысына қолжетімді болады. Әлеуметтік желі қызметін пайдаланушылардың ең көп саны - Үндістанда (487 млн).

Енді өңделген хабарлама алушыларға мазмұнның өзгертілгенін хабарлау үшін «редакцияланған» деп белгіленеді. Алайда, оның уақыт өте келе қалай өзгергені оларға көрсетілмейді.


Соңғы жаңалықтар