+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

WhatsApp-та хабарламаны достарыңмен бөлісуге шектеу қойылды

2019 жылғы 21 қаңтар 21:28
Бөлісіңіз:
WhatsApp-та хабарламаны достарыңмен бөлісуге шектеу қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook Inc енгізген жаңа ережелерге сәйкес, WhatsApp мессенджерін пайдаланушыларға бір хабарламаны бестен көп адамға қайта жіберуге тыйым салынды. Компания бұл шешім жалған ақпараттармен күресті күшейту үшін жасалып отырғанын хабарлады.

«Компанияның саясат және коммуникация бойынша вице-президенті Виктория Гранд Джакартада өткен шарада аталған шектеу туралы айтты. Былтыр жаз айында Үндістандағы тұтынушыларға тура осындай шектеу қойылған еді. Әлем бойынша жиырма адамға хабарламаны қайта жіберуге болатын еді. Енді барлық елдердегі мессенджер пайдаланушылары осы ережеге бағынады», - деп жазды The Guardian басылымы.

Басылымның ресми сауалына жауап берген WhatsApp компаниясының коммуникация бөлімінің басшысы Карл Вуг тұтынушылардың ең жақын араласатын достарының саны бесеуден аспайды деп ойлайтындықтан, осы шектеуге тоқталғанын айтқан. «Бұл мессенджерді теріс мақсатта пайдалануға шектеу қояды деп ойлаймыз», - деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр Үндістанда аталмыш қосымша арқылы балалар ұрлығы туралы тараған хабарламалар легінен кейін, келіп түскен хабарламаны бес адамға ғана қайта жіберуге шектеу қойылған болатын. Үндістанда WhatsApp мессенджерінің 200 миллион тұтынушысы бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT