+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

WhatsАpp нөміріме күніне 300 хабарлама келеді - Ғали Есқалиев

2019 жылғы 12 қараша 13:52
Бөлісіңіз:
WhatsАpp нөміріме күніне 300 хабарлама келеді - Ғали Есқалиев

НҰР-СҰЛТАН. Қаз-Ақпарат - Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев әлеуметтік желілерге WhatsApp нөмірін жариялаған. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жеңіс Қасымбек Қарағандыдағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады Семейдегі Мәңгілік ел көшесі ескі қала бейнесіне енбек Сағынтаев қаланың абаттандыру жұмыстарымен танысты

«Аймақты дамытуға қатысты ұсыныс-пікірлерді есту мақсатында әлеуметтік желілерде WhatsApp нөмірімді жариялаған едім. Жариялаған кезде сұрақтардың 99 пайызы аймақ тұрғындарының жеке басына қатысты болатынын сезгем», - дейді Ғали Есқалиев.

Ол WhatsApp-қа күніне 300 хабарлама келетінін айтты.

«Бастапқыда күніне 250-300 сұрақ келетін болды. Қазіргі уақытта сұрақтар саны азайды. Жедел түрде болмаса да, 2-3 күнде бір рет WhatsApp-қа келген сұрақтарды бір саралап, тиісті органдарға мәселені шешу туралы тапсырма берем», - дейді облыс әкімі.

Сондай-ақ, ол қала, облысты дамытуға қатысты ұсыныстар да келетінін жасырмады.

«Бұл шешім қаншалықты нәтижелі екенін білмеймін, бірақ айтылған ұсыныстардың кейбірі жүзеге асуда. Қала, облыстың дамуы бойынша кәсіпкерлер де ұсыныс айтады», - дейді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT