+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

WhatsApp-қа шабуыл: Қауіпсіздікті қалай сақтауға болады

2019 жылғы 16 мамыр 19:01
Бөлісіңіз:
WhatsApp-қа шабуыл: Қауіпсіздікті қалай сақтауға болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жақында WhatsApp кибер шабуылға тап болғанын хабарлаған болатын. Осы ретте ВВС басылымы аталған әлеуметтік желідегі қауіпсіздікті қалай сақтауға болатыны туралы материал жариялады.

«Осы айдың басында хакерлер WhatsApp аудиобайланысы арқылы кейбір аккаунттарға шабуыл жасаған. Ал дүйсенбі күні WhatsApp 1,5 миллиард қолданушысына қосымшаны жаңартуды сұрады. Сол арқылы құрылғы кибершабуылдан қорғалатыны да айтылды» дей келе, автор WhatsApp хабарламалары шифрланғанымен, чаттардың резервті көшірмесін жасаудың кемшіліктері бар екенін, сондықтан одан бас тарту керектігін жазады.

«WhatsApp қосымшасында «Баптау> Аккаунт> Құпиялық» деген жерде қауіпсіздікке байланысты барлық ақпарат сақталған. Сол жерде сіздің әлеуметтік желіге қашан кіргеніңізді, профиль суретін көре алатын адамдарды шектей аласыз. Сонымен қатар хабарлама оқылғаны туралы ақпаратты да өшіріп тастауға болады», деп жазады автор. Оның айтуынша, кибершабуылға көбіне журналист, құқық қорғау органдарының өкілі, заңгер мен қоғам белсенділері көп тап болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Интернет, Әлем,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT