WhatsApp хабарламаларды автоматты түрде өшірмек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Facebook-ке тиесілі WhatsApp мессенджерінде жаңа функция іске қосылмақ. Қолданушы көрсеткен мерзім өткеннен кейін бағдарлама хабарламаларды автоматты түрде өшіре алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жаңалықты Android платформасына арналған 2.19.348 бета-үлгісінен анықтаған WeBetaInfo басылымы жазды. Бұрынғы үлгілерінде функция «Жойылатын хабарламалар» деп аталған болатын, енді оны «Хабарламаларды өшіру» деп өзгертті.
Функцияның баптауларына «Контакт туралы мәлімет» немесе «Топ туралы мәлімет» батырмалары арқылы, егер чат болса – топтық деп қол жеткізуге болады. Екіншісінде тек әкімшілерде ғана мүмкіндік бар. Хабарламаларды бір сағаттан кейін, күн, апта, ай немесе жыл өткен соң автоматты түрде өшіруге болады.
WhatsApp-тың тұрақты нұсқасында жаңалықты пайдалану әзірге мүмкін емес, бета-үлгісінде де барлық қолданушыларға қолжетімді болмауы мүмкін.
- Эверестен шыққан қоқыс арт-нысандарға айналады
- Моңғолия премьер-министрі отставкаға кететінін мәлімдеді
- Ирак астанасында екі жарылыс болып, кем дегенде 23 адам мерт болды
- Мадридте жарылыстан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ
-
Бағдадтағы жарылыс: 5 адам қаза тауып, жетеуі жараланған
-
Қазақстан экономикалық еркіндік деңгейі бойынша әлем елдері арасында 40 орында тұр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам