WBO-ның жаңа рейтингіндегі қазақстандық боксшылардың орны қандай

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақ дәрежесі бойынша боксшылардың 2023 жылғы алғашқы рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Рейтингтің екінші орта дивизионда Әли Ахметов 12-қатарда қалды. Бірінші орынға америкалық Деметриус Андрада көтеріліп, отандасы Калеб Плантты екінші орынға ығыстырды. Үшінші қатарда канадалық Эрик Базинян тұр.

Бұл санаттағы абсолют чемпион – мексикалық Сауль «Канело» Альварес. Үздік үштікті бұрынғыша мексикалық Хайме Мунгия, ұлыбританиялық кіші Крис Юбэнк және тағы бір Қазақстан өкілі, WBO International чемпионы Мейірім Нұрсұлтанов құрап тұр.

Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек 11-орынға жайғасты. Бірінші орын британдық Арчи Шарпқа тиесілі, одан кейінгі қатарда мексикалық Оскар Вальдес пен Аустралия өкілі Лиам Уилсон бар. Бұл салмақтағы WBO әлем чемпионы титулы вакантты күйінде тұр.

Ашық көздерден алынған фото



Соңғы жаңалықтар