WBO экс-чемпионы Головкин мен Канело жекпе-жегіне болжам жасады

None
Фото: sports.kz
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - WBO International нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы экс-чемпион Магомед Курбанов (22-0, 13 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің (57 -2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жегіне болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Менің ойымша, Канело жеңіске жетеді. Бірақ оның бұл жекпе-жекке қандай дайындықпен келетіндігін байқау керек. Егер Сауль Дмитрий Биволмен болған жекпе-жектен кейін қорытынды шығармаса және сол қалпында көрініп, шаршаса Головкин тізгінді қолға алуы мүмкін»,- деді ол.

Еске салайық, 2017 жылдың қыркүйегінде Головкин мен «Канело» кездесуі тең аяқталды.

Бір жылдан кейін, яғни 2018 жылдың қыркүйегінде С.Альварес төрешілер шешімімен Қазақстан спортшысын жеңді.

Головкин де Альварес те үшінші айқас туралы ресми мәлімдеме жасады.



Соңғы жаңалықтар