WBC титулының иегері Мейірім Нұрсұлтанов ресейлікпен айқасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орта салмақта қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (13-0, 8 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

BoxRec.com мәліметі бойынша отандасымыз 5 желтоқсанда Екатеринбургте рингке шығады. Ол RCC Boxing Promotions турнирі аясында өнер көрсетеді. Оның қарсыласы ресейлік боксшы Илья Баландин (4-3-1, 2 КО) болмақ. Орта салмақ санатындағы айқас сегіз раундқа есептелген.

Нұрсұлтановтың соңғы жекпе-жегі өткен жылдың 2 қарашасында Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өткен болатын. Онда ол төрешілердің шешімімен бірауыздан мексикалық боксшы Кристиан Оливасты (19-6, 16 КО) жеңіп, орта салмақта WBC (USNBC) нұсқасы бойынша АҚШ чемпионы титулын иемденді.


Соңғы жаңалықтар