WBC рейтингіндегі қазақстандық боксшылардың орны белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ санатындағы боксшылардың жаңаланған рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Назарларыңызға Қазақстан өкілдерінің рейтингідегі позициясын ұсынамыз:

Бірінші ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев 37-орынға орналасты;

Екінші орта дивизионда Айдос Ербосынұлы 12-інші, Әли Ахмедов 23-орында;

Орта категорияда өнер көрсететін Жәнібек Әлімханұлы 5-тен 6-позицияға түсіп қалды. Мейірім Нұрсұлтанов 17-ден 15-ке көтерілді;

Бірінші орта салмақтағы Тұрсынбай Құлахмет 25-орыннан 27-ке ығысты. Садриддин Ахмедовтің 27-позициядан бірден 17-ге көтерілді;

Жартылай орта салмақтағы Данияр Елеусінов 23-орында қалды;

Бірінші жартылай орта салмақтағы Батыр Жүкембаев бір жолға көтеріліп, 8-інші орынға жайғасты;

Екінші жартылай жеңіл салмақ дивизионындағы Сұлтан Зәуірбек екі жолға жоғарылап, рейтингіде 37-інші болды.

Соңғы жаңалықтар