WBC рейтингінде Қазақстан боксшыларының орны қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ санаты бойынша рейтингтің жаңартылған нұсқасын ұсынды. ҚазАқпарат бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Назарларыңызға Қазақстан боксшыларына қатысты өзгерістерді ұсынамыз:

Суперауыр салмақтағы Жан Кособуцкий 39-ыншы позициядан 38-ге көтерілді.

Екінші орта салмақ дивизионындағы Әли Ахмедов бір саты төмендеп, 14-інші болды. Оның ізін ала, 15-інші орында Айдос Ербосынұлы орналасқан.

Орта салмақ өкілі Жәнібек Әлімханұлы 9-ыншы орынды сақтап қалды. Мейірім Нұрсұлтанов 20-ыншы позициядан 19-ға ауысты.

Бірінші орта салмақтағы Қанат Ислам өткен айда 23-інші сатыда тұрған болса, бұл жолы рейтингке енбей қалды. Садриддин Ахмедов осы дивизионның 26-ыншы позициясында тұр. Мадияр Әшкеев рейтинге 37-інші номермен еніп отыр.

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін Данияр Елеусінов 29-ыншы орыннан 30-ға сырғыды.

Батыр Жүкембаев бірінші орта салмақ бойынша 10-ыншы орынды сақтап қалды.

Жеңіл салмақ боксшысы Виктор Коточигов 14-інші позициясын өзгерткен жоқ.

Екінші жартылай жеңіл салмақтағы Сұлтан Зәуірбек екі саты төмендеп, 38-інші болды.

Соңғы жаңалықтар