WBC: Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Екінші орта салмақ дәрежесіндегі Әли Ахмедов (15-0, 11 КО) 17-орынды сақтап қалды. Айдос Ербосынұлы (11-0, 8 КО) үш сатыға төмендеп, 35-орынға табан тіреді.

Ал орта салмақта Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) көш бастап тұрса, Мейірім Нұрсұлтанов (11-0, 8 КО) 24-тен 25-орынға сырғыды. Сондай-ақ Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) 26-орыннан түсіп, 30-позицияға орналасты.

Бірінші орташа дивизион өкілі Садриддин Ахмедов (9-0, 8 КО) бір саты жоғары көтеріліп, 32-ші атанды.

Бірінші орта салмақ дәрежесіндегі спортшы Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) 19-орыннан 16-ға шықты.

Бұған дейін 37-орында болған жеңіл салмақтагы Виктор Коточигов (10-4, 4 КО) енді тізімде 38-інші болып тұр.

Соңғы жаңалықтар