WBC чемпионы Әли Ахмедов жаңа салмақта алғашқы айқасын өткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов (13-0, 10 КО) 24 наурыз күні рингке оралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Жартылай ауыр салмақта жастар арасында WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Голливуд қаласындағы (Калифорния, АҚШ) Avalon клубында өтетін Hollywood Fight Nights бокс кешінде өнер көрсетеді. Бокс кешін Том Леффлердің 360 Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастырып отыр. BoxRec.com-ның хабарына сенсек, Әли 37 жастағы америкалық Майк Гаймен (9-3-1, 5 КО) айқасады. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, Ахмедов екінші орта салмақ санатында алғаш рет рингке шықпақ болып отыр. Оның бұған дейінгі барлық жекпе-жегі жартылай ауыр салмақта өткен.

Соңғы жаңалықтар