WBC басшылары Головкин - Альварес реваншына дауыс берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бакуде Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) 55-ші Конвенциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұған дейін WBC басшысы Маурисио Сулейман Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альваресті (49-1-2, 34 КО) жылдам реванш өткізуге шақырған болатын, ал енді ұйымның бүкіл басшылығы бұл жайлы ресми мәлімдеді.

«Орта салмақта WBC басшылығы чемпион Геннадий Головкин мен «Канело» Альварес арасында тікелей реванш өткізуге дауыс берді. Рейтингтің бірінші нөмірі Джермалл Чарло ашық үміткермен жұдырықтасады», - деп жазады Твиттерде NYFights.com журналисі Майкл Вудс.

Айта кетейік, Головкин - Альварес реваншы 2018 жылдың 5 мамырында өтеді деп болжануда.

Соңғы жаңалықтар