WBC Айдос Ербосынұлын үздік 25 боксшының қатарына қосты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екінші орта салмақта атағы аспандап келе жатқан қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы (13-0, 9КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) рейтингінде көрсеткішін едәуір жақсартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстан кәсіпқой боксы» аккаунтының мәліметіне сәйкес, жеңіліп көрмеген отандасымыз жаңартылған рейтингте 35-ші орыннан 24-ші орынға көтерілді.

Айта кетсек, боксшы соңғы айқасын 2019 жылдың 21 желтоқсанында Ресейдің Красноярск қаласында өткізіп, техникалық нокаутпен венесуэлалық Омар Гарсияны жеңген еді. Осылайша, Ербосынұлы WBC Asia, WBA International және WBO Global нұсқалары бойынша титулдарын сақтап қалды.

Боксшының алдағы айқасы қашан ұйымдастырылатыны әлі белгісіз.

Айдос Ербосынұлы қарсыласын нокаутпен жеңгеннен кейін WBA рейтингіндегі екінші орнын сақтап қалғаны бұған дейін хабарланған еді.


Соңғы жаңалықтар